Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-ның Жарма ауданында баламалы энергия көзін пайдалануға арналған тағы бір жаңа нысанның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Altaynews сайты.
Қазақстанда «Жасыл экономиканы» дамытудың басымдықтарының бірі – жаңартылатын энергия көздері. Осы бағытта Жарма ауданында 2019 жылы Жаңғызтөбе кенті аумағында күн электр станциясы іске қосылған болатын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай енді жаңадан салынған жел электр станциясы ашылып отыр. Жел станциясы «жасыл экономикаға» көшу, экологиялық таза инвестициялық технологияларды енгізу мақсатын көздейді.
Айта кетсек, нысанның құрылысы облыстық кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жылдық қуаттылығы 30 МВт жел электр станциясын салуға 7 млрд 400 млн теңге инвестициялық қаражат тартылды. Құрылыс жұмыстарын «Чарск-ветер» ЖШС іске асырды.