ШҚО-да жаңа жобаны іске асыру бойынша семинар өтті

6 Тамыз 2022, 09:28
1396
Бөлісу:
ШҚО-да жаңа жобаны іске асыру бойынша семинар өтті

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің басшыларына ТБН4 жобасы аясында жұмыс істеу қағидасын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спикерлер ретінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері және ТБН4 жобалар тобының жетекшісі сөз сөйледі. 

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ТБН4 жобасы аясындағы жергілікті атқарушы органдардың жартыжылдық қызметіне баға берді, сондай-ақ қатысушылардың назарын жобаның талаптарын орындаудың оң және әлсіз жақтарына аударды.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар» және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама» жүргізу бағыттарына ерекше назар аударылды, олар бойынша облыстың жартыжылдық бағасы республикалық көрсеткіште орташадан төмен.   

«ТБН-4 жобасы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші кезектегі міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады және біз әдістемелік көмек көрсетуге дайынбыз. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекеттік органдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы негізгі міндеттері айқындалды және олардың нәтижелерін тиімді бақылау жүйесі құрылды», - деп атап өтті превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев.

  ТБН4 жобалар тобының жетекшісі Елена Карпова өз сөзінде жобаны одан әрі іске асырудың негізгі міндеттерін атап өтті.   

Соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілік туралы еске салды.

Өзгелердің жаңалығы