ШҚО-да жаңа электр желілері тартылды

2 Қазан 2023, 08:45
551
Бөлісу:
ШҚО-да жаңа электр желілері тартылды
Фото: скрин

Өскемен қаласының маңындағы аудандарға жаңа электр желілері тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді мыңнан астам абонентке электр энергиясы үздіксіз жеткізіледі. Бюджеттік субсидия есебінен 13 шақырым желі өткізіліп, бетон тіректері мен шамдар орнатылды. Ескі трансформаторлар ауыстырылылды. Осылайша саяжай кооперативтері иесіз қалған электр желілерінен құтыла бастады.

Айта кеткен жөн, соңғы жылдары жүздеген саяжай учаскесі тұрғынжайға айналды. Осылайша қалалық коммуналдық мекемелер шағын аудандарды абаттандыра бастады.

Пилоттық жобаға тұрғыны көп үш саяжай серіктестігі кірді. «Рауан-Восход» саяжайы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Енді тұрғындар қаладағыдай электр энергиясын алу үшін мекемемен келісімшарт жасап, есептегіш құралдарын сәйкестендіруі керек, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

Өзгелердің жаңалығы