Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жағажай иелері 1 маусымға дейін демалыс орындарын келушілерді қабылдауға дайындауы керек, деп хабарлайды Алтайньюс.
1 маусым – өңірде шомылу маусымы басталады. Аталмыш маусым қарсаңында құтқарушылар жағажайларды жыл сайын алдын ала тексерді. Егер кемшіліктер болған жағдайда демалыс орнының иелеріне ескерту жасалып, оны түзету үшін уақыт беріледі.
Облыс орталығында жазғы маусымда «Самал» және «Көгілдір бұғаз» атты екі жағажай жұмыс істейді. Демалыс орны қауіпсіздік талаптарына сай болуы үшін құтқару бекеттері жасақталып, балалар жағжайлары жабдықталуы керек. Барлық талаптардың орындалғанына көз жеткізбейінше, жағажайлар шомылу маусымына дайын деп айта алмаймыз, - дейді Өскемен ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.
Жалпы облыс бойынша шомылуға арналған 16 ресми орын анықталған.
Белгіленбеген орындарда суға түскен, қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өткен жазда облыс бойынша 35 адам, оның ішінде 10 бала суға батып кеткен, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.