Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулаған тағы бір тұрғын ұсталды, деп хабарлайды аltaynews.kz.
Патрульдік полиция қызметінің инспекторлары ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатып, тексерген. Көліктің жүксалғышынан ау, резеңке қайық және жеті шортан табылған.
Ол Ұлан ауданындағы көлдердің бірінен балық аулаған. Ешқандай құжаты жоқ, яғни бұл әрекеті заңсыз. Сондықтан әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Балықты заңсыз тасымалдағаны үшін жүргізушіге 10 АЕК айыппұл салынды.