Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тыйым салынған аймақта балық аулаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Күршім ауданында болған.
15,1 келі көксерке, 32,7 келі шортан, 1,5 келі алабұға, 11,5 келі қарақұйрық балығы тәркіленді. Браконьер 350 000 теңге көлемінде залал келтірді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.