Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы аяқталды.
Үш күн ішінде полицейлер 29 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды. Әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлердің 225 автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды.
1105-тен астам адамға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында әкімшілік заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары сот орындаушыларымен бірлесіп, өңірде рейдтік іс-шаралар өткізді.