Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да тау беткейлері қардан тазартылып жатыр

30 Қаңтар 2025, 19:21
595
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Қазселденқорғау ШҚ филиалының қызметкерлері мен ТЖМ құтқарушылары қар массасын түсіру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Бүгін "Өскемен-Алтай – Рахман қайнары” автожолының учаскесінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 380 текше метр қар түсірілді. Аталған учаскеде ҚР ТЖМ Қазселденқорғау ЩҚ филиалының бақылаушылары мониторинг жүргізетін 10 қар көшкіні шоғырлары бар. 

ҚР ТЖМ Қазселденқорғау және ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Қар көшкіні қаупі туралы дауылды ескертулер жарияланған кезде таулы жерлерге бармау керек.

Өзгелердің жаңалығы