Өңірде күн райы жылынып, суға түсу маусымы басталғалы су айдындарында сақтық шаралар күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Құтқарушылар жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жағажайларды назарға алып, кезекшілік ұйымдастыруда.
Шомылу кезеңі басталғаннан бері барлығы 713 рейд жүргізілді. Уақтылы профилактиканың арқасында 11 бұзушы ӘҚБтК - нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 адам кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы) жазаланды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
ШҚО ТЖД мамандары су айдындарында демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратты. Сондай-ақ ережелерді елемегені үшінәкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.