ШҚО-да Ресей азаматы зейнеткерді тонап кетті

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік азамат зейнеткерді тонап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 3 Қараша 2022 2022, 05:25
3 Қараша 2022 2022, 05:25
2039

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік азамат зейнеткерді тонап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазан айының соңында Жарма ауданының Қалбатау ауылының 73 жастағы тұрғыны полицияға хабарласқан.

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз әйел үйдің ауласында оның қолынан 500 мың теңге тұратын алтын сырғаларын ашық түрде ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер шабуыл жасаған адамды анықтады. Ол 27 жастағы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады, – деп хабарлады полицейлер.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Наверх