ШҚО-да құтқарушылар саусағы құлыптың тесігіне қысылып қалған адамға көмектесті

Кеше, 23:25
114
Бөлісу:
ШҚО-да құтқарушылар саусағы құлыптың тесігіне қысылып қалған адамға көмектесті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Опытное поле ауылында 1959 жылы туған ер адам гараж есігін ашып жатқан кезде саусағын құлыптың тесігіне кіргізіп алып шығара алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ер адам саусағын өзі шығаруға қаншама әрекет жасағанымен, оның бұл талпынысынан еш нәтиже шықпады.

Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен ер адамның саусағын босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 немесе 101 нөміріне хабарлауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы