ШҚО-да құтқарушылар 380 мыңға жуық үйді тексерді

28 Ақпан 2022, 09:45
1137
Бөлісу:
ШҚО-да құтқарушылар 380 мыңға жуық үйді тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы жер үйлерден өрт қауіпсіздігін бұзудың 103 мыңнан астам фактісі тіркелді, деп жазды altaynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар өрт шығуының және азаматтардың газдан улануының алдын алу мақсатында жер үйлерді аралап, тексеруде. Жылыту маусымы басталғалы бері департамент қызметкерлері 379 000-нан астам үйді аралап шықты. Үйлерден өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 103 427 фактісі анықталды. 

Оның ішінде 42 246-ы пешті пайдалану кезіндегі ереже бұзушылықтарға қатысты болып отыр. 16 000-нан астам бұзушылық сол жерде жойылды.

Алдын алу жұмыстары үйлерге барып, қағаз таратумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған азаматтар ескертіліп, кейін қайта тексеріледі, - деді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин.

Бұдан бөлек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын 1708 датчик орнатылған. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өңірде жыл басынан бері пешті пайдалану кезінде иіс тию көрсеткіші 13%-ға азайып отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы