Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде желтоқсан айының басында Ресей Федерациясының азаматтығын алған және РФ азаматының төлқұжаты бар, Қазақстан аумағына кіру кезінде ҚР азаматының құжатын пайдаланған 55 жастағы ер адамнан қос азаматтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтық құжаттары тәркіленіп, азаматтығынан айырылғаны тіркелді, - дейді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
ШҚО ПД көші-қон қызметі азаматтарға өзге елдің азаматтығын алған жағдайда ҚР азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу керектігін ескертеді.