ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын жауапқа тартылды

13 Тамыз 2024, 18:51
464
Бөлісу:
ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Заң бұзушы мемлекеттік қызмет көрсету барысында анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, осы жылдың мамыр айында Глубокое ауданының 21 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасына құжаттарын тапсырмай, Ресей азаматтығын алған. 

Азаматтығын ауыстырғаннан кейін бір ай өткен соң бір жігіт ХҚКО-да орта білім туралы аттестаттың түпнұсқасын сұрату кезінде қазақстандық жеке куәлікті пайдаланған кезде заң бұзушылық белгілі болды. 

Тәртіп сақшыларымен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын тәркілеп, шетелдікке қатысты Қазақстан азаматтығынан айырылу тіркелді, азаматтың өзі 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын қатаң сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы