ШҚО-да 2 жол учаскесінде көлік қозғалысына тыйым салынды. Бұған қолайсыз ауа райы, жел екпінінің күшеюі мен жолдардың дұрыс көрінбеуі себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 қараша күні сағат 30-дан бастап «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында («Алтай Альпісі» демалыс базасы мен Северное ауылының арасы) және Өскемен қаласының іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 0-22 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.