ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты екі тас жол жабылды

16 Наурыз 2022, 22:05
1323
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты екі тас жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупі ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 20: 00-де "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары" тас жолының 420-450 шақырымында, сондай-ақ Берел-Рахман қайнарлары учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Одан бөлек құзырлы мекеме өңірде қар көшкіні жүргенін растайтын Telegram-арнасында видео жариялады. Онда Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары тас жолының 438 шақырымында сайдан қар көшкіні жүргені, 60 метр төменге ылдилаған қар жолды жапқаны, қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады.

Өзгелердің жаңалығы