Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да қар көшкіні қаупі сейілген жоқ

19 Қаңтар 2024, 12:36
691
Бөлісу:

"Қазселденқорғау" филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға байланысты 2024 жылдың 19 қаңтарынан 2024 жылдың 22 қаңтары аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД мамандарының ұсынысы бойынша бұл уақытта тауға барудан бас тартқан жөн. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, өтіп бара жатқанда – тоқтамаңыз.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда – «112» ұялы телефоны бойынша хабарласыңыз, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы