ШҚО-да бұрқасын жел салдарынан бірқатар жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша облыстық және республикалық маңызға ие төрт жол учаскесі жабылған.
- "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы-Алтай қаласы).
- "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" (30-60 шақырым).
- "Алматы-Өскемен" (1013-1048 шақырымы, Абай облысы- Ұлан ауданы)
- "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" (105-123 шақырымы, Шемонаиха қ. - РФ шекарасы);