ШҚО-да прокурорлар еңбек құқығын қорғады

23 Қыркүйек 2024, 19:05
361
Бөлісу:
ШҚО-да прокурорлар еңбек құқығын қорғады
Фото: BAQ.KZ -архив

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және жалақыны уақтылы төлеу мәселелерін бақылауда ұстайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, Риддер қаласының прокурорлары «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне 50 млн теңгеден астам жалақы берешегін анықтады. Марқакөл ауданының прокуратурасы «Теректі» МКМ коммуналдық кәсіпорындарының бірінде 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады. 

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған өңірлердегі жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ШҚО жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін, оны бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, - деп жазды ШҚО прокуратурасы.
 

Өзгелердің жаңалығы