ШҚО-да пәтер өртеніп, 35 адам эвакуацияланды

Бүгiн, 06:48
156
Бөлісу:
ШҚО-да пәтер өртеніп, 35 адам эвакуацияланды
Фото: архив

Облыс орталығында он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өртенді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшон) көмегімен түтінденген аймақтан 35 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде жеті бала бар.

Жиһаз бен заттардың жануы 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД мамандары азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы