Өрт 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесінде орналасқан үйдің пәтерлерінің бірінде таңғы сағат 4-те басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "101" қызметіне сол үйдің тұрғыны хабарлаған.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД өрт сөндіру есептері дереу жіберілді.
Өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерден шыққан түтінді анықтады. Барлау жүргізгеннен кейін жиһаздар мен заттардың жанып жатканы анықталды.
Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 2 бала бар. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Өрттің алдын - ала себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш болуы мүмкін деген болжам қарастырылады .