«Зайсан-Өскемен» тасжолында автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көліктегі 44 жолаушының 36-сы оқушы. Бұл туралы Altaynews.kz жазды.
Оқиға Жарма ауданының аумағында, Қалбатау ауылынан 12 шақырым жерде, болған.
Барлық жолаушылар жылыту пунктіне жеткізілді. Өскеменнен қосымша автобус келіп, адамдарды облыс орталығына жеткізді, - деп жазылған ТЖД ақпаратында.