Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған акцияны қамқорлық мектебі өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
ШҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл күні пациенттердің туыс-туғандары оңалту орталығының жұмысы туралы (нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, ортопедиялық операциялардан, инсульт пен инфаркттан кейінгі оңалту кезеңдері мен мерзімдері, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер) құнды мағлұмат алады.
Сондай-ақ, травматолог, невропатолог, реабилитолог, нұсқаушы, психолог, әлеуметтік қызметкер сияқты мамандарға көзбе-көз сұрақ қойуға болады.