ШҚО-да мобильді бригадалар саны артты

19 Қаңтар 2022, 21:43
1171
Бөлісу:
ШҚО-да мобильді бригадалар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы күндері өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылар санының өсуі байқалады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустың белгілерін анықтаған пациенттерге қалай әрекет ету керектігін еске салады.

ШҚО ӘМСҚ филиалы өңірде медициналық көмекті қолжетімді, әрі жедел түрде алуға мүмкіндіктерді кеңейте түсті. Осы ретте облыста мобильді бригадалар саны 356-ға дейін ұлғайтылғанын мәлімдейді.

Пациенттер айналасындағыларға қауіп төндірмеуі және ауру белгілері бар емханаға баруы, сондай-ақ үйде қажетті медициналық көмек алуы үшін әрбір МСАК ұйымының жанынан COVID-19 бар науқастарды амбулаториялық бақылау бойынша мобильді бригадалар құрылды. Олар өз аумағындағы қоңырауларға қызмет көрсетеді, жұмыс уақыты – 8.00-ден 20.00-ге дейін. Егер пациент тіркелген жері бойынша емхана аумағында тұрмайтын болса, оған 103 - ке көмек сұрап жүгіну қажет. 20.00-ден кейінгі қоңырауларға жедел жәрдем де қызмет көрсетеді, – деп бөлісті ШҚО ӘМСҚ басшысы Ғалымжан Әбілов.

Қазіргі таңда облыс бойынша мобильді бригадалар саны 356-ға жетті, сонымен қатар 120 мобильді топты резервте ұстап отыр.

Мобильді бригаданың функцияларына мыналар кіреді, ЖРВИ белгілері бар немесе алғашқы жүгінген кезде коронавирустық инфекцияға күдікті пациентке үйге бару; амбулаторлық бақылаудағы немесе үйде оқшаулаудағы пациенттерге шығу; СOVID-19-ға күдік болған кезде ПТР-тестілеуді өткізу; дәрілерді тағайындау және қажет болған жағдайда оларды ауруханадан тыс пневмония және созылмалы аурулары бар пациенттерге жеткізу; пациенттерге олардың жай-күйіне дербес мониторинг жүргізу үшін көмек көрсету; амбулаториялық пациенттің медициналық картасын ресімдеу, – деп нықтап өтті Ғалымжан Әбілов.

Айта кеткен жөн, мобильді бригадалар жұмысы облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен реттеледі, ал оның қызметі тұрғындар үшін тегін, ӘМСҚ қорынан өтеледі.

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша сұрақтар туындаса, емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне жүгіну керектігі еске салынады. Егер мәселенің шешілуіне қол жеткізу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті ыңғайлы байланыс арнасы арқылы қалдыру керек: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram -дағы SaqtandyryBot.

Өзгелердің жаңалығы