Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да мешіттен тегін тамақ алуға барған әйел ұрлық жасады

Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Мешітке тегін тамақ алуға барған әйел қызметтік бөлмелерге кіріп, ноутбук ұрлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияға облыс орталығындағы мешіттердің бірінен 400 мың теңге тұратын «Asus» ноутбугінің жоғалғаны туралы арыз түскен.

Жедел іздестіру шаралары барысында тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы әйел ұсталды. Оның басқа бір мешітте жасалған осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілмен әрекет еткен. Ол тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы