ШҚО-да май зауытынан өрт шықты

Бүгiн, 10:43
164
Бөлісу:
ШҚО-да май зауытынан өрт шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО-ның Глубокое ауданындағы Предгорное ауылында, май зауытының аумағында қабықты түйіршіктеу цехынан өрт шығып, түтін 4 пен 6-шы қабаттарға тараған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Күнбағыстың қабығы өртенген. Объектінің қызметкерлері мекемеден уақтылы шығып үлгерген. Шақырту орнына келген өрт сөндіру топтары қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өрт шығудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді, - делінген ақпаратта.

50 шаршы метр алаңға тараған өрт сөндіріліп, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтарына зақым келген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы