Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы аман алып шықты

15 Қазан 2025, 22:25
359
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау үйдің шатырын, жиһаздарын және жеке заттарын шарпыған. Өрт кезінде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өз күштерімен сыртқа шығып, көмек сұрап көршілеріне жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, ішінде қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді құтқарып шыққан.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды 45 шаршы метр аумақта сөндірді. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Өзінің ерлігін жария еткісі келмеген Дмитрий Недозрелов бұл әрекетін қарапайымдықпен түсіндірді.

Менің орнымда кез келген ер адам дәл солай істер еді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы