ШҚО-да коммуналдық қызмет қарқынды жұмыс істеп жатыр

Өскеменнің коммуналдық қызметкерлері екінші күн қатарынан толассыз жауған қармен арпалысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  - архив 6 Желтоқсан 2023 2023, 21:01
6 Желтоқсан 2023 2023, 21:01
892
Фото: - архив

Өскеменнің коммуналдық қызметкерлері екінші күн қатарынан толассыз жауған қармен арпалысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

«Таза Өскемен» коммуналдық мекемесінің ақпараты бойынша, қаланы қардан тазалауға 116 техника жұмылдырылған. Оларды ішінде атап айтсақ, жүк көліктері, тиегіштер, автогрейдерлер, құм шашатын және жол сыпыратын құрылғылармен жабдықталған техникалар бар, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қоғамдық көліктердің аялдамалары және техника тазалай алмайтын басқа да учаскелерді 170-тен астам кәсіпорын қызметкері жинайды, - деп хабарлады «Таза Өскемен» КМК.

Кәсіпорынның мәліметінше, қазір техникалар толық күшінде жұмыс істеп тұр.

Тротуарлар мен жолдарды қардан тазарту – біз үшін басты міндет, – деп атап өтті коммуналдық қызметтер.

Наверх