ШҚО-да көлік терезесі мен люгінен шығып, әдепсіз қылық көрсеткен жастар жауапқа тартылды

Өскемен – Алтай тасжолында көлік терезесі мен люгінен шығып, әдепсіз қылық көрсеткен жастардың видеосы полицияның назарына ілікті. Оларға қандай жаза қолданылды?

Бүгiн 2026, 17:47
АВТОР
 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 17:47
Бүгiн 2026, 17:47
110
Фото: видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында қала сыртындағы Өскемен – Алтай тасжолында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жастар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиға кеше болған. Куәгерлердің айтуынша, астаналық мемлекеттік нөмірі бар Changan маркалы көліктің жүргізушісі жолда қауіпті маневрлер жасап, өзге көліктерге кедергі келтірген әрі қауіпті басып озулар жасаған. Ал көліктегі жолаушылар қозғалыс кезінде терезе мен люктен денесін шығарып, басқа жүргізушілерге әдепсіз қимылдар көрсеткен.

Болған оқиғаны өзге жүргізушілер бейнежазбаға түсіріп, полицияға хабарлаған.

Полиция қызметкерлері аталған көлікті көп ұзамай тоқтатып, құқық бұзушыларды жауапқа тартты.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Тексеру барысында жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдағаны анықталған. Осыған байланысты оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, - деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ көлік қозғалысы кезінде салоннан тыс жерде болған екі жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін Абай облысында той кортежіне 19 хаттама толтырылып, бес жүргізуші жауапқа тартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Жолдағы қауіпті әрекеттері үшін бірнеше жүргізуші жауапқа тартылып, көліктері айыптұраққа жөнелтілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх