Шығыс Қазақстан облысында ауа райының жақсаруы нәтижесінде бірқатар автожолдарда көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
2025 жылғы 24 қараша сағат 21:30-да келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, - делінген хабарламада.
Ашылған учаскелер:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тас жолының 1104–1191 шақырымы (Глубокое – Шемонаиха);
- «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» жолының 15–105 шақырымы (Белоусовка – Риддер).
Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.