ШҚО-да бірнеше сейсмостанса салынады

10 Шілде 2024, 13:15
238
Бөлісу:
ШҚО-да бірнеше сейсмостанса салынады

Шығыс Қазақстанда сейсмостанса саны артады. Әзірге олардың екеуі ғана бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Өңір сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Елдің шығысында 8-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін. Биыл Риддер қаласы мен Зайсан ауданында 2 жағдай тіркелді. Аймақта соңғы рет 8 балдық зілзала 1990 жылы болды. Ол кезде Зайсан мен оған жақын 3 ауданда 9 мыңға жуық баспана қирап, 1 бала қайтыс болған еді. 

Кейін жер сілкінісін болжайтын сейсмо құрылғылар орнатыла бастады. Облысқа қарасты 11 ауданға бір-бірден, ал Өскемен қаласына 2 белгі беретін құрылғы қойылды. Соның көмегімен зілзала ошақтарының картасы әзірленді. 

Төтенше жағдайлар қызметі тарапынан алдын алу жұмыстары күшейтілді. Маусым айында «Жер» республикалық командалық-штаб жаттығу өтті. Облыс бойынша жарты жыл ішінде 2,5 мыңға жуық сейсможаттығу ұйымдастырылды. Мамандар кейінгі 10 жылда өңірде 2-ден 6 баллға дейінгі 19 жерасты дүмпуін тіркеген. «Қосымша сейсмостанса салу қажеттіліктен туындап отыр» дейді олар. Жақында облыста сейсмоқауіпсіздік бойынша кешенді жоспар бекітілді. 

Бұл жоспарға сәйкес, Шығыс Қазақстан аумағында 12 сейсмостанса орнату жоспарда бар. Және 2025-2026 жылдары Өскемен қаласындағы қоғамдық ғимараттарды паспорттауға негіз болады, - деді ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері Нұрболат Өтеев.

Өзгелердің жаңалығы