ШҚО-да балық аулауға тыйым салынады

7 Қараша 2023, 05:38
349
Бөлісу:
ШҚО-да балық аулауға тыйым салынады
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстанда облысында балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәлімдеді.

10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін ақ балық түрлері мен асшаяндарды аулауға болмайды:

Бұқтырма су қоймасында;

Өскемен су қоймасында;

Ертістегі Өскемен СЭС-тен Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-тен Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін;

Бұқтырмадағы Казнаков өткелінен Бұқтырма СЭС-ке дейін.

Өзгелердің жаңалығы