ШҚО-да әйелге найзағай түсіп, қаза болды

3 Шілде 2024, 13:54
1486
Бөлісу:
ШҚО-да әйелге найзағай түсіп, қаза болды
Фото: pixabay.com/ru

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы бұзылып, күн күркіреп тұрған кезде әйелдің басына жай түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде 2 шілдеде басына найзағай түскен әйел қаза болды деген ақпарат тарады. 

YK-news.kz мәліметінше, әйел аттың үстінде болған. Қасында тағы бір жылқы еріп келе жатқан. Қайғылы оқиға салдарынан жылқылар да өліп кеткен.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өз қызметкерлері оқиға орнына шақырту алмағанын атап өтті.

Ал ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайтты растады.

Оқыс оқиғадан әйел қаза тапты. Сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы