ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицейлер жаралы аққуды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айыртау ауылының тұрғыны Сартымбет учаскесінің маңынан жаралы аққуды байқап, Ұлан ауданының учаскелік инспекторы Бақытжан Өтеулинге хабарлаған. Учаскелік инспектор ауылдық округ әкімдігінің маманымен бірге оқиға орнына барып, құстың жарақат алғанын анықтады. Осыдан кейін аққу ветеринариялық клиникаға жеткізіліп, мамандар тексеріс жүргізді. Жаралы құсқа дер кезінде көмек көрсетілді, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда мұзға жабысып қалған аққуды тұрғындар құтқарғанын хабарладық.