ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды

Бүгiн, 12:39
127
Бөлісу:
ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады.

Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.

ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды

Вице-премьер орталықтың жұмысын оң бағалады, ал облыс әкімдігі жергілікті өндірушілерді кешенді қолдаудың маңызын атап өтті.

Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін өндірілетін өнімді өткізудің жаңа мүмкіндігі пайда болды: өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Казцинк» жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден азық-түлік сатып алу көлемін ұлғайтатын болады. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен кәсіпорын арасында меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, «Казцинк» бұл мақсатқа еліміздегі барлық филиалдары үшін 800 млн теңге бөледі.
 

Өзгелердің жаңалығы