ШҚО-да ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығуы өтеді

21 Ақпан 2024, 13:35
350
Бөлісу:
ШҚО-да ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығуы өтеді

23 ақпан күні сағат 12.00-де облыс аумағында ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  Altainews-ке сілтеме жасап.

Сол күні сиреналар іске қосылады. Дабылды естіген бойда кәсіпорын, білім беру объектілері, әкімдік және т.б қызметкерлері жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша қауіпсіз жерге шығуы керек.

Сейсмикалық оқу-жаттығуы кезінде сасқалақтап, дүрбелеңге салынбай, барынша сабырлы болу қажет. Дабылды естіген бойда ғимараттан шығуға немесе қауіпсіз жерге баруға тырысыңыз, - дейді ШҚО ТЖД мамандары.

Сондай-ақ құтқарушылар сейсмикалық қауіпті аймақта тұратын тұрғындарға дәрі-дәрмек, қажетті заттар мен құжаттар салынған дабыл чемоданын дайындап қоюға кеңес береді.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан сейсмикалық жаттығуларына белсене қатысуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы