ШҚО-да әскерилер баспаналы болды

15 Желтоқсан 2023, 21:31
675
Бөлісу:
ШҚО-да әскерилер баспаналы болды

Тәуелсіздік қарсаңында Күршім ауданындағы 31 әскери қызметкерге баспана кілті табысталды, деп хабарлайды Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері құрамыдағы 31767 «В» әскери бөлімідегі әскери қызметкерлер баспаналы болды.

Аталмыщ әскери бөлім Күршім ауылында 1958 жылы құрылған. Алғашында жеке радиолокациялық рота болып құрылған әскери бөлім бүгінде жеке радиотехникалық батальонға айналды.

1972 жылы әскери бөлімге қарасты офицерлер үйі салынған. Алайда ғимарат ескіріп, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегендіктен ҚР Қарулы Күштері әлеуметтік көмек ретінде ескі ғимаратты қалыпа келтіріп, толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.

Біз Отанын қорғап, еліне адал қызмет етіп жүрген офицерлеріміздің, әскери қызметшілеріміздің барлық жағдайын жасауға тырысамыз. Сондықтан 2020 жылы ескі ғимаратқа толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған едік. Бүгінде 31 пәтердің кілтін табыстаудамыз. Баспаналы болған әріптестерімді жаңа қоныстарымен құттықтаймын, - деді Әуе шабуына қарсы әскері қолбашысының Тыл жөніндегі орынбасары полковник Асылхан Таубаев.

Бұл әлеуметтік жоба бірінші кезекте әскерилердің аналары мен әйелдерінің жағдайын жасау мақсатында қолға алынған.

Бүгін біз баспаналы болдық. Қорғаныс Министрлігіне шалғайдағы біздің әскери бөлімді, қызметкерлерді ескеріп, офицерлер үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп бергендері үшін алғыс білдіреміз. Бүгінде кең, жарық және жаңа пәтердің кілтін алдық, - дейді әскери қызметшінің жұбайы Бақыт Қамалова.

Айта кету керек, офицерлер үйіндегі пәтерлердің кілтін табыстау салтанатты шара түрінде өтті.

Өзгелердің жаңалығы