Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі (IV деңгей) күшейді. Сол себепті тұрғындардың орманға баруына тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
Облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО әкімінің 2020 жылғы «ШҚО мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өрт қаупі жоғары кезеңде болуына тыйым салу туралы» қаулысы қолданылады, - деп хабарлады «Өскемен орман шаруашылығы» КММ.
13-14 шілде күндері өңірде аптап ыстық болады.