ШҚО-да алимент төлеуден жалтарған борышкер бас бостандығынан айырылды

19 Желтоқсан 2023, 04:40
606
Бөлісу:
ШҚО-да алимент төлеуден жалтарған борышкер бас бостандығынан айырылды
Фото: архив

Алимент төлеуден қасақана жалтарып, жұмыс істеуден бас тартқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын сот бір жыл екі айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы мәлім еткендей, борышкерге бас бостандығынан айыру жазасы сот орындау тарихында үшінші рет болып отыр. Көп жағдайда қылмыстық жауапкершілік бас бостандығын шектеумен аяқталады, өйткені мәжбүрлеу шараcынан кейін адам қарызын өтейді.

Көктемде Түркістан облысының тұрғыны бір жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы