ШҚО-да 88 мыңнан астам жасөспірім вакцина алған

10 Наурыз 2022, 23:16
1435
Бөлісу:
ШҚО-да 88 мыңнан астам жасөспірім вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс.

Pfizer вакцинасының екінші компонентін 98 360 адам салдырған.

Оның ішінде 2198 жүкті және 7532 бала емізетін әйел, 12-18 жас аралығындағы 88 630 бала бар. Айта кету керек, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады, – деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Сондай-ақ облыста 24 мыңға жуық 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтті.

Өзгелердің жаңалығы