ШҚО-да 8 адам кене энцефалитіне шалдықты

9 Шілде 2024, 20:16
378
Бөлісу:
ШҚО-да 8 адам кене энцефалитіне шалдықты
Фото: BAQ.KZ -архив

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне, тағы 4 тұрғын боррелиоз ауруына шалдықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл екі инфекция да кенеден тарайды. Зиянды жәндік шаққан жағдайда медициналық көмекке жүгінбесе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.

Қазір боррелиоз бен энцефалитке шалдыққан науқастардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар дәрігерлердің бақылауында.

Арнайы вакцина салынған соң амбулаториялық режимде ем қабылдауға жіберілді. Аймақта биыл көктемнен бастап 3 мыңнан астам адамды кене шаққан. Зиянкестен тек Өскемен қаласында 1500 адам зардап шеккен. Риддер мен Алтай аудандарында да биыл кене көп.

Атап өтерлігі, өңірде 3 мыңға жуық адам кенеге қарсы иммуноглобулин вакцинасын салғызып алған.

Өзгелердің жаңалығы