Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспарын қабылдаған болатын. Оған сәйкес әр аймақта жыл сайын ағаш отырғызылып, орман алқабы көбейтілуі керек.
ШҚО-да 2025 жылға дейін 476 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Арман Есентаев мәлімдеді. Бұл туралы Altaynews жазды.
Елде орман алқабын көбейтудің кешенді жоспары бекітілген. Өңірде 5 жыл ішінде отырғызылған екпелер сары 15 мың гектарды құрайды, ол жерлерге 76 миллион түп ағаш отырғызылады. Айта кету керек, осындай көгалдандыру жұмыстарының арқасында облыстағы зиянды шығындылар 13 пайызға азайған, - дейді Арман Есентаев.
Ал,облыс орталығында биыл 16 мыңнан астам көшет отырғызылған.