ШҚО-да 36 медициналық мекеме салынады

Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін екі жыл ішінде 36 медициналық мекеменің құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды, BAQ.KZ Altaynewsқа сілтеме жасап.

24 Наурыз 2023 2023, 22:30
АВТОР
 ppr.depzdrav.kz 24 Наурыз 2023 2023, 22:30
24 Наурыз 2023 2023, 22:30
1200
Фото: ppr.depzdrav.kz

Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін екі жыл ішінде 36 медициналық мекеменің құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды, BAQ.KZ Altaynewsқа сілтеме жасап.

ШҚО-ның ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2023-2024 жылдары 36 медициналық мекеме салынады. Оның ішінде халық санына байланысты 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге 27 медициналық пункт салынады.

Биыл республикалық бюджеттен қаржыландырылған 20 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарда бар:

- Тарбағатай ауданында - 6 медициналық пункт (Ақмектеп, Ахметбұлақ, Қазақстан, Шолақорда, Жаңаталап, Шорга ауылдарында);

- Күршім ауданында - 5 медициналық пункт (Ақжайлау, Аманат, Жолнысау, Маралды, Ұрынхай ауылдарында);

- Ұлан ауданында - 5 медициналық пункт (Отрадное, Макеевка, Желдіөзек, Казачье, Сарыөзек);

- Глубокое ауданында - 2 дәрігерлік амбулатория (Верх-Березовка, Прапорщиково) және 1 медициналық пункт (226 шақырым жол айрығы);

- Шемонаиха ауданында - 1 медициналық пункт (Межовка ауылы).

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық 36 нысанның құрылысы осы жылы басталады.

Медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерде шұғыл босану, ал дәрігерлік амбулаторияларда бұдан басқа физиотерапиялық емдеу және педиатрия жүргізіледі.

 

Наверх