Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да 240 литрден аса психотроптық зат дайындағандар ұсталды

16 Тамыз 2025, 14:18
703
Бөлісу:
 ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді, - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы