ШҚО-да 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады

20 Шілде 2023, 06:51
694
Бөлісу:
ШҚО-да 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады
Фото: архив

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады. Жалпы орын саны – 7400. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл екі білім мекемесі бой көтереді. Өскемен қаласында 600 орындық бір мектеп, Тарбағатайдың Шеңгелді ауылынды 100 орындық бір мектеп салынады. Сондай-ақ биыл бес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін халық игілігіне беру жоспарда бар, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, бұл нысандар Таврия, Бозанбай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарында салынып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы