Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer вакцинасын 186 мыңнан астам тұрғын салдырды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Қазір өңірде америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасып жатыр. Жалпы облыста 186 мыңнан астам адам аталған екпені алып үлгерді. Оның ішінде 12-18 жас аралығында 161 820 бала, 24 мыңнан астам жүкті және бала емізетін әйел бар. Айта кету керек, балаларды вакцинациялау тек ана-анасының рұқсатымен жүргізілетіні белгілі, - деді ҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі
Сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері де Pfizer-мен ревакцинациядан өтуде. Бүгінгі таңда облыста 4672 қарт және 864 дәрігер екпенің үшінші компонентін салдырған.