Шығыс Қазақстан облысында жеті баласына бірнеше жыл бойы алимент төлемей келген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Берешек сомасы 10 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс ШҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы "Балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - делінген сот хабарламасында.
Сот дерегінше, жыл басынан бері облыс полицейлері алимент төлеуден қасақана жалтарған 9 адамға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдаған. Олардың сегізіне айыптау үкімі шыққан.