ШҚО: Бұқтырма су қоймасындағы көпір жөнделіп жатыр

4 Қазан 2022, 08:24
1775
Бөлісу:
ШҚО: Бұқтырма су қоймасындағы көпір жөнделіп жатыр

Еліміздегі ең үлкен өткелдің 21 тіреуіші бар. Бүгінгі күнге дейін соның тоғызы қалыпқа келтірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Жұмыс 40 метр тереңдікте әрі уақытша салынған қосымша көпір арқылы жүргізіліп жатыр. Мұндай тәсіл ауа райының қолайсыз кезінде құрылысшылардың тоқтаусыз еңбек етуіне мүмкіндік береді. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша жобада сапалы әрі мықты материалдарды қолдану керегі көрсетілген. Қолға алынған ауқымды шаруа 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Сол кезде Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының және Семей мен Өскеменнің үш ауданын байланыстыратын нысан арқылы тәулігіне 20 мың автокөлік өтеді.

Біріншіден, бұл өте қауіпсіз көпір болады. Өйткені негізгі өткелдің жанында мұз ойғыш тұрады. Екіншіден, біз осында екі қыс қыстадық. Сонда айтарлықтай қалың мұз қатқанын көрген жоқпыз, - дейді мердігер мекеме директорының орынбасары Нығматулла Абдулхақов.

Өзгелердің жаңалығы