ШҚО ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады

9 Ақпан 2024, 18:03
552
Бөлісу:
ШҚО ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады

Күршім ауданында да белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап. 

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар емдік дене шынықтырумен айналысып, сурет салу, ән айту, қолөнер бұйымдарын тігу, тоқымен тоқуға, бір-бірімен пікір алмасуға, бос уақыттарын өткізуге арналған мекеме.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен Күршім ауданында ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.

Мұнда аптасына 2 рет ауыл тұрғындары, зейнеткерлер келіп, салауатты өмір салтын ұстанып, дойбы, үстел теннисімен және бильярдпен айналыса алады. Сондай-ақ сурет салу, ән айту, қолөнер бұйымдарын жасауға да мүмкіндік бар. Бос уақыттарын өтізіп, бір-бірімен пікір алмасады, - дейді аудан әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үлкен Нарында ұзақ өмір сүру орталығы ашылғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы