ШҚО-да жағдай тұрақты. Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты өңірде су тасқынының екінші толқыны басталды. Бүгін қар жамылғысының ауданы ШҚО-ның 44% құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көптеген аудандарда қар қоры мен ондағы судың мөлшерінің төмендеуі байқалуда. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр және қатаң бақылауға алынды. Су тасқыны жағдайын бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалды тексерулер жүргізіледі. Мобильді топтар күн сайынғы мониторингті жалғастырып жатыр. ЖАО арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша жұмыстарды толық көлемде аяқтады. Барлық қызметтердің жұмысы үйлестірілген, - деді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің маманы Нұрболат Өтеев ОКҚ алаңында өткен брифингте.